We’ve updated our Terms of Use to reflect our new entity name and address. You can review the changes here.
We’ve updated our Terms of Use. You can review the changes here.

Qazaq Lounge

by Qazaq Lounge

/
  • Streaming + Download

    Includes unlimited streaming via the free Bandcamp app, plus high-quality download in MP3, FLAC and more.
    Purchasable with gift card

      $7 USD

     

1.
Ахау керім Айналайын қарағым алтыным-ай Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай Көрмегелі көп айдың жүзі болды Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай Ахау, керім, бұраң белім Күнде жиын күнде той Жүрген жерің Ризамын жан қалқа сертке жетсең Қиын-қыстау жерлерден аман өткең Бір шыбындай жанымды құрбан етем Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең Аяй сарым сәуле жаным Сағынғанда қайда едің Ғашық жарым Сіз асыл зат қалқатай сағаттағы Көңілімді сүйген жар табад-тағы Көңілімді сүйген жар таппай кетсе Көңіл шіркін қайтейін қалад-тағы Аяй керім мөлдір көзің Әлі есімнен кетпейді Айтқан сөзің Ахау, керім, бұраң белім Күнде жиын күнде той Жүрген жерің *Халық әні* _______________________________________
2.
Гәкку Аралап талай жердің дәмін таттым, Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым. Айта алмай «Гаккуімді» ешбір адам, Маймаңдап қоңыр қаздай мамырлаттым. Гәкку-гигигай-ай Гәкку, гәкку, гәкку-ай Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гакку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. *Үкілі Ыбырай*
3.
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ? Жаңа таптым ауылыңды көптен сұрап. Жел тимесе, жан тимес деп жүргенде, Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ. Аққу едің таранған айдындағы, Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы. Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың, Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы. Осылай ма ей, қалқа, айтқан сертің, Жүрегімді жандырды ғайшық дертің! Мұнша неге сен мені әуреледін, Болмаған соң әуелде баста еркің?! *Ақан Сері*
4.
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты, Сөзі бар алуа, шекер, балдан тәтті. Адамның өзім көрген абзалы екен, Айтайын өлең қылып перизатты...
5.
Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Осы әнге тамылжытып сала берем, Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Қайырмасы: Құландай жүйрік майда жал-ай, бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ел алды қарайғанда қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс қалған қарай-қарай Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай қ-сы Ұшады аққу көлден қайраңдаған Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай. *Халық әні*
6.
Қараторғай Келеді қараторғай қанат қағып, Астына қанатының маржан тағып. Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің, Айрылдым қапылыста сенен нағып. Қараторғай, Ұштың зорға-ай. Бейшара, шырылдайсың, Жерге қонбай. Ертістің аржағында бір терең сай, Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай. Ағаштың бұтағына қоңып алып, Сайрайды, таң алдында қараторғай. Қараторғай, Ұштың зорға-ай. Бейшара, шырылдайсың, Жерге қонбай *Ақан Сері*
7.
Гүлдерайым Ақ көңіл ағызайық әннің майын Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын Астынан алты қырдың шыққан даусым Жетсе екен құлағына қалқатайдың Ахау, Гүлдерайым Күн мен Айым Ұшарға қанатым жоқ Не қылайын? Жаз шықты жадыратып майдың айын Әніне шырқай кетті Гүлдерайым Шығады ащы даусым әнге бассам Қарағым, сен есіме түскен сайын Ахау, Гүлдерайым Күн мен Айым Ұшарға қанатым жоқ Не қылайын? *Халық әні*
8.
Балқадиша Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша, Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша! Сексен қыз, серуенге шықсадағы, Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша! Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың, Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша! Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша! Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша! «Кетті» деп Балқадиша, естігенде-ей, Талында Жыландының құшақтап қара жерді, Еңіреп, жылағаным-ау, оуу Еңіреп, жылағаным-ау, жаным Қадиша... *Ақан Сері*
9.
Назқоңыр Айқабақ алтын кірпік қызыл ерін, Кел десең неге аяйын аттың терін. Сары ағаш сазға біткен секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім. Базардан алып келген күміс құман, Жігітті адастырған қалың тұман. Арадан қыл өтпестей тату едік, Біздерге қастық қылған қай антұрған. *Халық әні*
10.
Інжу-маржан Әулетіп ән салса әнші Әсет Аққуменен аспанда жер тілдесед! Еркем, сені-ай, сағындым! Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы Жүргенінен күңіреніп желдей есед Сағынбасқа не шара! Інжу-маржан секілді-ай Ал көрінген көріңді-ай Гүл майысып, гүл жайнап Бір көріңсең еркем-ай! Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай Бейнетіңе көнсем-ай Қозы Көрпеш Баяндай Бір молада өлсем-ай! Сағындырған еркем-ай! Әсеттей сал ән салсаң аңыратып Орман, тоғай, өзенді жамыратып Еркем, сені-ай, сағындым! Арқыратып ағызып ән нөсерін Толқынымен жүректі жадыратып! Сағынбасқа не шара?! Інжу-маржан секілді-ай Ал көрінген көріңді-ай Гүл майысып, гүл жайнап Бір көріңсең еркем-ай! Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай Бейнетіңе көнсем-ай Қозы Көрпеш Баяндай Бір молада өлсем-ай! Сағындырған еркем-ай! *Әсеттің әні*
11.
Япырай Жаз болса жарқырыған көлдің беті Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар Есіме ақ еркемді алған кезде Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар *Халық әні*
12.
Қорлан Бір қыз бар Маралдыда Қорғылайын Табиғат берген екен күн мен айын Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен Дариға арманым көп не қылайын Қайырмасы: Ахау, арман Құсни, Қорлан! Екі-ай бағлан Екеуі туған екен бір анадан Бозбала қалма қапы бұл жалғаннан Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған Өзіңдей боп жан тумас Туса туар, артылмас Бар ғаламды шарықта Уа, дариға, ләулік тас Бағдат, Мысыр, Шың, Машын Іздесем Қорлан табылмас *Естайдың әні*

about

Here is presented a pack of twelve-track relaxation gift masterfully delivered to you by diverse music professionals.

You will hear Kazakh national music treasures with a careful convoy by opera singers and ethnic ensembles, outstanding performances of school boys choir and a number of solo artists and instrumentalists, orchestrated single-handedly from the angle of an indie musician Mergen, under one unique theme, Qazaq Lounge.

Accurately avoiding the chance of damage to the original, this record is an attempt to take a modern urbanistic point of view on trusted by centuries folk songs, adorned with production that's as sympathetic to contemporary music lovers as it is to a classic soul.

credits

released November 23, 2013

Special Thankyous to Rauan Kenzhehanuly for trusting and supporting the idea and charming Nurzhamal Usenbayeva for being a love muse of the project!

A big thanks to: Ethnic band Turan with all it's amazing members, Korlan Kartenbayeva, Medet Chotabayev, Shaba Adenkulkyzy, Rustem Nurzhigit, Erlan Kassymbekov, Elmira Kashkimbayeva, Gulim Zhusipbekova, Aslan Zinedenov, Bakhytzhamal Nurgaliyeva, Bisenbek Toleubayev, Darkhan Esetov, Birzhan Sankaibayev, Zhanel Sadykova, Timur Mukhtarov, Marat Isbayev, Almas Nurbakhytov, Nartai Ashim, Zhalgas Ertai, Zhandos Naushabayev and Ruslan Sarsembayev.


All arrangements by Adilzhan Tolykpayev and Akmaral Zykayeva
Recording engineers: Darkhan Esetov, Birzhan Sankaibayev
Mixing and sound programming by Akmaral Zykayeva
Mastering by Metropolis Studios London
Cover art and visuals by Zhanel Sydykova

license

all rights reserved

tags

about

Qazaq Lounge Almaty, Kazakhstan

Qazaq Lounge came as a holistic idea, an attempt to revisit favorite Kazakh folk songs under rigorous direction of Almaty- based musician/producer Akmaral Zykayeva (known as Mergen) and supported by Bilim Media Group.

Recorded and mixed at Bilim Media Group Studios, Almaty 2011-2012.
Mastered by Metropolis Studios, London 2012
... more

contact / help

Contact Qazaq Lounge

Streaming and
Download help

Report this album or account

If you like Qazaq Lounge, you may also like: